Кувейтте өтіп жатқан семсерлесуден Азия біріншілігінде қазақ баласы Ерлік Сертай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шпагамен семсерлесуден сынға түскен Ерлік жартылай финалға дейін жетіп, гонконгтық спортшыдан жеңілді. Осылайша, қола жүлде еншіледі.
Жарыстың ширек финалында Ерлік өзінің командаласы, тәжірибелі Эльмир Алимжановтан да басым түсті.
Айта кетелік, Ерлік Сертай Париждегі Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Ол жекелей және командалық сында өнер көрсетеді.