Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Турнирде тоғыз команданың өкілдері күш сынасты. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан командасы аталған турнирде 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпы есепте екінші орыннан көрінді.
Бірінші орын Өзбекстан құрамасының еншісінде. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленген.
Үздік үштікті Моңғолия тұйықтады.