Парижде Қазақстан медаль күтіп отырған дзюдошылар Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Елдос Сметовтің (60 келі) қарсыластары анықталды.
48 келіде әлемнің рейтингте үшінші орында тұрған Абиба Әбужақынова олимпиадада финалға дейінгі жолы былай болуы мүмкін:
Бірінші айналым: Шира Рошини (Израиль)
Екінші айналым: Лин Чен (Тайпей)/Эрика Лассо (Колумбия)
Ширек финал: Милица Николич (Сербия)
Жартылай финал: 2024 жылғы әлем чемпионы Бавуудоржийн Баасанхуу (Моңғолия)/Катерина Кошта (Португалия)
60 келіде Елдос Сметовтің жартылай финалға дейінгі жолы былай болуы мүмкін:
Бірінші айналым: Торнике Чакадоэа (Нидерланд)
Екінші айналым: Дилшодбек Баратов (Өзбекстан)/Дилшод Халматов (Украина)
Ширек финал: Токио олимпиадасының және 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ян Юнвей (Тайпей)
Қазақстан дзюдодан командалық жарыста алғашқы айналымда Бразилиямен кездеседі.