Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы отандық теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Рыбакинаның жазғы ойындардан сырт қалуына денсаулығының сыр беруі себеп болған.
«Елена бронхиттің қабынуынан сырқаттанып қалды, дәрігерлер оның кортқа шығуына ғана емес, жарысқа ұшып келуіне де қатаң тыйым салды. Рыбакина жазғы ойынға белсенді түрде дайындалып, өзінің жоғары деңгейін көрсеткісі келген. Алайда, сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады», — делінген федерация хабарламасында.
Айта кетелік, Елена Рыбакина жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша румыниялық Кристиан Жаклинмен кездесуі керек еді.
Рыбакина бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысып, қола медаль үшін өткен матчта жеңіліс тапты.