Париж Олимпиадасында боксшылар жеребесі тартылып, қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер:
51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі: Айбек Оралбай — Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Гадфа Дрисси (Испания)
Бибосынов бірінші қарсыласын жеңсе, бірден Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Хасанбай Досматовпен жұдырықтасады.
Махмұд Сабырхан да алғашқы айналымнан өткен жағдайда, өзбекстандық әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен кездеседі.
Ал Асланбек Шымбергенов екінші кезеңге өтсе, әлем әрі Азия ойындарының чемпионы, жапондық Синдзи Окадзавамен жолығады.
Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов тек финалда ғана кездесуі мүмкін.
Әйелдер:
50 келі: Назым Қызайбай — Джиордана Соррентино (Италия)
57 келі: Карина Ибрагимова — Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
75 келі: Валентина Хальзова — Атейна Билон (Панама)
\