Жеңіл атлетикадан Франция құрамасының мүшесі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына хиджаб емес, кепка киіп шығатын болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Соункамба Силла есімді жеңіл атлетті Олимпиаданың ашылу салтанатына хиджаб кигені үшін жібермеген.
Осыдан соң, спортшы өзінің наразылығын білдірген болатын. Алайда, франциялық спортшыларға жарысқа хиджаб киіп шығуға заңды тұрғыдан тыйым салынған.
Франция Олимпиала комитеті Силланың хиджаб орнына кепка киіп шығатынын мәлімдеді.