Олимпиада алтынын алған қытайлық бадминтон споршысы Хуан Яцион алтын жүлдемен қатар, сүйгенінен жүзік тақты, деп жазады Sportbugin.kz
Париж Олимпиадасында бадминтоннан аралас жұптар жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен кейін қытайлық бадминтоншы Лю Юйчэнь сүйіктісіне сөз салды. Хуан Яцион «ия» деген жауап беріп, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Осыған дейін, Олимпиада қалашығында аргентиналық көгалдағы хоккей құрамасының мүшесі Пилар Кампой сүйіктісі гандбол құрамасының спортшысы Пабло Симонетке ұсыныс жасаған болатын.