Париж Олимпиадасында екілік каноэден 500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті.
Спортшылар өз тобында бесінші орын алып, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетелік, алғашқы екі орында иеленген экипаж бірден жартылай финалға жолдама алады.
Фото: Владислав Семенов