Грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдов барша қазақ елін Олимпиаданың күмісімен құттықтады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Демеу бауырыма жанкүйер болдым. Финалда оған сәл ғана жетпей қалды. Өте қуаныштымын.
Енді маған бұйырғаны қола болды. Алтын үшін тоқтамай жұмыс істеймін. Алтынның түбіне жетпей қоймаймын», — деді Махмұдов.
Айта кетелік, Махмұдов Олимпиаданың ширек финалында Жадыраевқа есе жіберген болатын.
Фото: Тұрар Қазанғапов