Өзбекстан құрамасының мүшесі Аббосбек Файзуллаев Азияның үздік жас футболшысы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы Азия футбол конфедерациясы (AFC) мәлімдеді.
Файзуллаев бұл тізімге алғаш рет еніп, топ жарып отыр. Мәскеулік ЦСКА клубында өнер көрсететін жас ойыншы Гаку Навата (Жапония) мен ағылшындық «Сток Ситиде» Бэ Чжун Хоны (Оңтүстік Корея) басып озған.
21 жастағы Аббосбек Файзуллаев Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Азия кубогінде бес матч өткізді.
Файзуллаев Өзбекстан құрамасының сапында 21 матч өткізіп, 4 рет гол соққан.