Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
67 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Төрехан ширек финалда өзбек боксшысы Акбар Ахмадовтан басым түсті.
Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.