Еркін күрестен Қазақстан командасының өкілі Нұрғожа Қайпанов Албанияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қайпанов жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті айқын басымдықпен жеңді.
Есеп- 12:2. Финалда Қайпанов жапон балуанымен белдеседі.
Нұрғожа Қайпанов тап осы салмақта әлем чемпионатының күміс медалін иеленіп, екі дүркін Азия чемпионы атанған болатын.
Ал 74 келі салмақта Қайпановтың жолы болған жоқ. Ол Париж Олимпиадасына іріктеу турниріне үш рет қатысып, үшеуінде де ұтылды.