Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан күрестен әлем біріншілігінде ресейлік Абдулрашид Садулаев финалға шықты, деп хабарлайды Spotbugin.kz.
92 келі салмақта белдескен Садулаев жартылай финалда ирандық Камран Газемпурмен белдесіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Белдесудің аяқталуын 8 секунд қалғандаа 1:3 есебімен ұтылып жатқан Садулаев жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Абдулрашид Садулаев өзінің әлем чемпионаттарындағы алтыншы алтынын алуға бір қадам қалды.
Турнир барысында ресейлік балуан әйгілі спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Дэвид Тейлорды да оңай жеңген.
Айта кетелік, Халықаралық Олимпиада комитеті Садулаевты Париж Олимпиадасына қатыстырған жоқ.