Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында тосын жағдай орын алды. Франциялық балуан көлік кептелісі салдарынан белдесуге кешігіп қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінің шебері, француз Стефан Клемент ресейлік Садық Лалаевпен 63 келі салмақта қола жүлдеге таласуға тиіс еді.
Алайда, көлік кептелісіне байланысты Клемент кездесуге кешігіп, Лалаев қола медальді күрессіз жеңіп алды. Бұл салмақта қазақстандық Ержет Жарлықасын күміс медаль иеленген еді.
Айта кетелік, Албаниядағы әлем чемпионаты 31 қазанда мәреге жетеді.