Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрғожа Қайпанов чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Ол 70 келіге дейінгі салмақта топ жарып, финалда жапон балуаны Йошиносуке Аоягиден 5:3 есебімен басым түсті.
Бұл Қайпановның әлем чемпионаттарындағы алғашқы алтыны. 2019 жылы ол Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс медаль иеленген болатын.
Турнир барысында Нұрғожа Қайпанов бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Айта кетелік, Тиранадағы әлем чемпионаты Олимпиада бағдарламасына енбеген салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатыр.
Фото: Шамкен Байырбек