Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абиба Абужақынова спорт журналисті Ақырыс Сейтқазымен сұхбатында спорттың өміріндегі алатын орны туралы, білім алудың маңыздылығы туралы сөз қозғады, деп жазады Sportbugin.kz
Әлемдік жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошы спортшыларды балалық шағы, спортшылардың сүйген ісі үшін қандай құрбандыққа баратындығын ашып айтты. «Балалық шақ болмайды спортшыларда. Біз әрдайым жарыстарда, оқу-жаттығу жиындарында жүреміз. Колледж бітіргенде де, университет бітіргенде де дипломымды өзім барып ала алмадым. Ешқандай шараға қатысқан жоқпын. Уықытым болмады. Дәл сол мамыр айларының соңында жарыстарымыз басталады» — деп атап өтті Абиба.
Сондай-ақ, спортшы білім алудың маңыздылығын да атап өтті. Қазір екінші жоғары білім алып жатқандығын айтты: «Спортта білім керек. Білімсіз спортшы күресе алмайды. Қазір де емтихандарымды қалдырмай өзім тапсырамын. Әрине, кейде ұрсып тұрады. Париж Олимпиадасына 1 апта қалғанда 4 емтихан тапсырдым. Қазір ағылшын тілін оқып жатырмын».