Велошабандоз Алексей Луценко Аичи Жапония өтіп жатқан Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл — Луценконың Азия ойындарындағы мансабындағы алтыншы алтыны. Жарыстан кейін спортшы қазіргі Азиада өзінің спорттық мансабындағы соңғысы болатынын мәлімдеді.
«Қазақстанның намысын қорғап, Азия ойындарында тұғырдың ең биік сатысына көтерілу мен үшін әрдайым ерекше сезім. Оның үстіне таңымыз жақсы жаңалықпен басталды. Ринат Сұлтанова алтын медаль жеңіп алды. Бұл бізге эмоция беріп, бүкіл құраманы жігерлендірді.
Мен осы стартқа арнайы дайындалып, жеңіске жетуді қатты қаладым. Мені қолдап, дайындық барысында көмектескен барша жанға алғыс айтқым келеді. Әсіресе бас бапкер Дмитрий Муравьевке ризамын.
Жыл басы мен үшін оңай болған жоқ. Спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Оның үстіне менің құлауым жаттығу кезінде болды. Дмитрий бұрын кәсіби спортшы болғандықтан, менің қандай жағдайдан өтіп жатқанымды жақсы түсінді. Ол мені қолдап, жігер берді. Соның арқасында Азия ойындарына дайындалып, осындай нәтиже көрсете алдым.
Дегенмен біздің жарысымыз әлі аяқталған жоқ. Үш күннен кейін топтық жарыс өтеді. Қазақстанның жақсы командасы бар. Сондықтан жүлде үшін күресіп, барымызды саламыз.
Бұл — менің соңғы Азиадам. Жапониядағы ойындардан кейін спорттық мансабымды аяқтаймын. Сондықтан бұл жеңістің мен үшін орны бөлек», — деді Алексей Луценко.
