Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінің нәтижелері белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz
60 келіде өнер көрсеткен Бибарыс Жексен 1/8 финалда Өзбекстан бокшысы Дилшод Абдумуродовқа қарсы керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті. Енді ол 5 желтоқсан Тәжікстан боксшысымен жұдырық түйістіреді. Сондай-ақ тағы бір боксшымыз ширек шиналға шықты. 57 келі саомақта Оразбек Асылқұлов Малайзия боксшысы Мохамад Зүльхайнды мерзімінен бұрын жеңді. Келесі қарсылас — Таиланд спортшысы.
Айта кетейік жарыстың бірінші күні Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) өнер көрсетіп, ол да 1/4 финалға шықты.