Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) Чианг Майда (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға өте алмады, деп жазады Sportbugin.kz
Бибосынов үшін ширек финалдық жекпе-жек турнирдегі бірінші кездесу болатын. Алайда ол турнирді жалғастыра алмайды.
Өзбекстандық Асилбек Жалиловпен болған кездесуде төрешілер шешімімен қарсыласы келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, бүгін, 6 желтоқсанда Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) жартылай финалға шыққан еді.