Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Париж Олимпадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен Әлем біріншіліктерінің 5 дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаевтың жеке бапкері Боранбек Қоңыратов спорт журналисті Ақырыс Сейтқазымен сұхбатында Олимпиадаға бармау себебімен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz
Сұхбатта белгілі жаттықтырушы спортта түрлі қиындықтардың болатынын, оны еңсере білу маңызыдылығы туралы ашып айтты. «Дүние жүзіне танылған қаншама мықтылар бар. Тек біздің мемлекетте емес, олардың барлығының өмірлері қиын болды. Олар жолдарында кедергілерден міндетті түрде өтеді. Кедергілерден өтіп, аттарын тарихта қалдырды. Ешнәрсе оңай келмейді. Сондықтан оған қатты қайғырмаймын. Ия, жүйкеңе тиеді. Бірақ қайтадан жиналып, шешімін іздейсің. Шешім ретінде жұмысыңа қатысты өзгерістерді ойлайсың. Жұмысыңмен, нәтижелермен дәлелдейсің» — деп атап өтті Боранбек Қоңыратов.