Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Спортшы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша Чуркин 368 (164+204) келіні көтеріп, екінші орынға ие болды.
Жеңіс Солтүстік Кореялық Ри Чон Чонға бұйырды, оның нәтижесі – 371 (166+205) келі.
Қола медальды Мухаммадқодир Тоштемиров 355 келі: 165+190) жеңіп алды.
Сондай-ақ, осы салмақ дәрежесінде қазақстандық Александр Уваров та өнер көрсетіп, 351 (160+191) келі нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.