OSCE 25-26 қараша күндері Алматыда «Орталық Азиядағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүйесі: агрессорларға арналған түзету бағдарламалары» атты конференция өткізді. Іс-шара «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» атты БҰҰ бастаған жаһандық кампания аясында ұйымдастырылған.
Конференцияны Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі, «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі бірлесіп атқарды.
Жиында inDrive компаниясының inVision коммерциялық емес жобаларының бірі Supernovas туралы сөз қозғалды. Жоба авторлары спорттағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу тәжірибесіне шолу жасады.
«Спорттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – біздің алдымыздағы үлкен міндеттердің бірі. Өйткені, балаларды мұндай іс-әрекеттерден қорғауға әрбір азамат мүдделі болуы тиіс. Спортшының ең алдымен бала екенін ұмытпау керек. Сондықтан, біз бапкерелер мен жас спотшылар арасында сауатты, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас ұйымдастыруға толық күш саламыз» дейді Supernovas жобасының менеджері Тоқтар Ескендіров.
Ең бастысы — жоба аясында платформа құрылған. Онда екі курс қолжетімді.
Біріншісі — «D» санатындағы футбол бапкері лицензиясын алу бойынша онлайн-курсы
Курс Қазақстан ұлттық футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асырылды.
Бұл интерактивті курс балалармен жұмыс істеу бойынша бастапқы білім алуды немесе оны кеңейтуді көздейтін, сондай-ақ «D» санатындағы лицензия алуға ұмтылатын футбол бапкерлеріне арналған.
Курс келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:
- Футболдағы балалармен жұмыс істеу бойынша бапкерлік негіздерді меңгеру.
- Тиімді және қауіпсіз жаттығуларды өткізу үшін қажетті қабілеттер мен дағдыларды дамыту.
- Жас спортшылармен жұмыс істеудің психологиялық аспектілерін түсіну.
Екіншісі әрі ең маңыздысы — safeguarding (қорғау) мен зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасқа арналған онлайн-курс.
Бұл интерактивті курс спорт жаттықтырушыларына арналған. Олар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу саласында, әсіресе зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас контекстінде бастапқы білім алуға немесе оны тереңдетуді көздейді.
Осылайша, оқыту платформасының негізгі мақсаты – спорт жаттықтырушыларын оқыту үшін орталықтандырылған, қолжетімді және ауқымды құрал ұсыну. Платформа жаттықтырушылардың балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас және қақтығыстарды басқару саласындағы кәсіби білімдері мен дағдыларын арттыруға бағытталған. Бұл спорт секцияларында қауіпсіз және қолдаушы ортаны құруға, жаттықтырушылар мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу сапасын жақсартуға, сондай-ақ жаттығуларда сау және позитивті атмосфера қалыптастыруға көмектеседі.
Платформа балалар мен жаттықтырушылармен қатар ата-аналарды балаларының психологиялық және физикалық әл-ауқатына қызығушылық таныту, спорттық іс-шаралар мен жаттығуларға қатысуға еліктіруді көздейді.
Жобаның басты бенефициарлары 3-тен 18 жасқа дейінгі спорттық бағдарламаларға қатысатын балалар.
Жоба авторлары келесі жылы буллингтің алдын алу шараларына қатысудан бөлек, бапкерлер мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнап курс жасауды, сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбанны болған балалар мен куәгерлер үшін нұсқаулық әзірлеуді көздеп отыр. Ата-аналарға арналған іс-шаралар ұйымдастыру да қарастырылған.