
Самат Смақов жас футболшыларға асыра сый-құрметпен қысым жасамау керектігін айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Смақов ойыншыларға артық назар аударудың кемшіліктеріне тоқталды. Оның айтуына сәйкес, 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға мұндай қысымды қабылдау оңай емес.
“Мен әрқашан онымен сөйлесіп отырамын. Шынымды айтсам, баспасөзге көп шықпауды, тек сенімді журналистермен ғана сөйлесуді кеңес етемін. Себебі артық қолпаштау жас футболшыға ауыр тиеді. Мысалы, Еркебұланға кезінде қатты қысым жасалды: «кофе сатып алды», «туалетке барды» деген сияқты ұсақ-түйекке дейін жаңалық болып кетті. Ол әлі күнге дейін сол сезімнен шыға алмай жүр», – деді Смақов.
Сонымен қатар бапкер олардың әлі еш көрсеткішке толық жетпегенін айтты.
“Бір-екі ойыннан кейін мақтап-мадақтап бүкіл мансабын сындырып тастауға болмайды. Керісінше, дұрыс бағыт беріп, қолдау қажет. Жас буын – ертеңгі футболдың болашағы. Оларды жоғалтсақ, тұтас бір ұрпақты жоғалтамыз. Сондықтан спортшыларды қатты көрмеу керек”, – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ қақпашыларына жеке кәсіпкерлер тарапынан қымбат көлік тарту етілген болатын.
Бишер Дильназ