Ауыр атлетикадан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында зілтеміршіміз 96 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz
Қазақстандық спортшы жалпы есепте 388 (174+214) келіні бағындырды. Бұл нәтиже әлем чемпионатын бірінші орынмен аяқтауға жеткілікті болды. Реваз Давитадзе (Грузия) екінші орынға ие болса (387, 177+210), 387 (173+214) келімен ирандық Али Алипур үздік үштікті түйіндеді.