Бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиевтің қызметінен кететіні жайлы ақпарат тарады. Алайда, Сағадиев Sportbugin.kz сайтына берген шағын сұхбатында бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Мен ешқайда кеткенім жоқ. Қазір командамен бірге Ярыгин турнирінде жүрмін. Жарыстамын. Мұндай әңгімені кім шығарып жүргенін білмеймін», — деді Қайрат Сағадиев.
Айта кетелік, Қайрат Сағадиев бастаған Қазақстан әйелдер командасы Париж Олимпиадасына бірде-бір жолдама алмады. Осыдан соң, бас бапкердің қызметінде қалу-қалмауына қатысты түрлі болжамдар айтылған болатын.