Мәскеулік ЦСКА клубының бұрынғы қорғаушысы Владимир Пономарев Қазақстанның бас бапкері қызметінен кеткен Станислав Черчесовті қолдап, сұхбат берді. Бұл туралы «Советский спорт» сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Ол бұл құрамамен еш нәтиже көрсетпеді. Оған күтіп жүре бермей, өздігінен келісімшартты бұзу керек еді. Бәрін ертерек істеу керек-тін. Стас өте сауатты бапкер, бірақ басын тықпайтын жерге келді.
Қазақтар ешқашан футбол ойнамаған. Аттың үстінде отырып, таяқпен доп қууы мүмкін. Бірнеше рет көрдім сондайын. Немесе бір-біріне қой лақтырып, ойнасын. Бірақ футбол – олардың қолынан келетін іс емес. Черчесов команданы көтергісі келген, бірақ болмады. Оларға өзінің басын қойып, футбол ойнауды үйретпейтін шығар?!
Ол Польшада, Будапештте керемет жұмыс істеді. Енді оған РПЛ-дан жұмыс табылады. Мен, тіпті, оның Премьер-лигада жұмыс істегенін қалаймын, өйткені, Стас өте сауатты әрі ақылды бапкер», — деді Пономарев.
Айта кетелік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасымен бір рет тең ойнап, бес рет жеңілді.