Көркем гимнастикадан әлемге танымал бапкер, ресейлік Ирина Винер Қазақстан спортының жұлдызы Әлия Юсупова туралы пікірін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Менімен бірге Қазақстаннан келген Әлия Юсупова жаттықты. Ол Олимпиадада төртінші алды. Онымен әрі қарай жұмыс істей берсем, Әлия бәрін жеңіп кететінін түсіндім.
Содан соң: «Сүйіктім менің, егер сені жаттықтыра беретін болсам, сен барлық орысты жеңіп кетесің. Сондықтан, өзіңнің бапкеріңді шақыр», — дедім. Мен дәл осылай ашық айттым. Ол да түсінді. Бүгінде ол мені жақсы көреді. Әлі араласып тұрамыз», — деді Винер.
Айта кетелік, Әлия Юсупова 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алды.