1 ақпан күні Астанадағы Rixos қонақүйінде Қазақстан WT таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» салтанатты шарасы өтеді, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Шараға Туризм және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитетінің, Ұлттық Паралимпиада комитетінің жетекшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен таеквондо және пара таеквондо ардагерлері қатысады деп жоспарланған.
Рәсім аясында 2024 жыл қорытындыланып, салада ірі жетістіктерге қол жеткізген және таеквондоның дамуына зор үлес қосқан спортшылар, бапкерлер және төрешілер марапатталады.
«Қазақстан WT таеквондо федерациясы» аталған іс-шараның дәстүрге айналып, таеквондоның Қазақстандағы дамуына тікелей әсер ететін және осы спорт түрінің құндылықтарын арттыратын жоба боларына сенім білдіреді», – делінген федерацияның хабарламасында.
«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» – қазақстандық таеквондо спортының жетістігін асырып, осы спорт түрінің елімізде кең таралуына үлес қосқан ұлы тұлғаны есте сақтау мақсатында өткізілетін шара. Оны жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.