Каратэден Парижде аяқталған Премьер-лига турнирінде қазақ спортшылары бес рет тұғырға көтерілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Әсел Қанай (61 келі) мен Софья Берульцева (+68 келі) өз салмақтарында күміс медаль жеңіп алды.
Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі) және Диас Анарбеков (84 келі) қола медальді еншіледі.
Осылайша, отандық таеквондошылар маусымдағы алғашқы ірі жарыстардың бірін сәтті бастап отыр.