![078](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/078-1024x683.jpg)
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жартылай финалда біздің хоккейшілер Қытай құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Финал 14 ақпанда өтеді.
Айта кетелік, топтық сында Қазақстан құрамасы ешбір командадан жеңілмей, бірінші орын алған болатын.
Финалдағы қарсыласы енді анықталады.
Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі.