
Албанияның Тирана қаласында басталған күрес түрлерінен рейтингілік турнирде еркін күрес шеберлері үш медаль еншіледі, деп жазады Sportbugin.kz.
86 келіде белдескен Болат Сақаев финалда америкалық балуан Чендлер Мартселлерден ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Жарақатына байланысты ұзақ уақыт үзіліс алған Сақаевтың бұл биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесі.
Одан бөлек, Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола медальға қол созды.