
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албанияның Тирана қаласындағы рейтингілік жарыста жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Жәмила финалда украиналық Алла Белинскадан басым түсті.
Бұл Жәмиланың жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарысы. Бұған дейін ол PWL турнирінде қырғызстандық Айпері Медетқызынан жеңілген болатын.
Айта кетелік, Албаниядағы рейтингілік жарыста қазақ балуандары әзірге 4 медаль жеңіп алды.
Еркін күрестен Болат Сақаев пен Рүстем Мырзағалиев тиісінше күміс пен қола алса, әйелдер күресінен Бақбергенова алтын, Эльмира Сыздықова қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен екі балуанымыз қола медальға таласып, жеңіліс тапқан.