
Болгарияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі аяқталуға жақын. Қазақстан командасы сапынан бірнеше спортшы финалда бақ сынайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда жұдырықтасатын боксшылар қатарында Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай мен әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов бар. Екі боксшы 86 келіде өзара мықтыны анықтамақ. Екеуі де әлем чемпионы, екеуі де командның көшбасшысы саналады.
Екеуінің соңғы кездесуінде 3:2 есебімен Нұрбек Оралбай жеңіске жеткен. Содан соң, Оралбай Париж Олимпиадасында күміс алса, Нұрдәулетов Азия чемпионатында топ жарды.
Сондай-ақ, 63,5 келіде финалдық сында екі қазақ боксшысы бақ сынайды. Ертуған Зейнуллинов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы команданың бірінші нөмірі болуға таласпақ.
Екі спортшы соңғы рет Олимпиада қарсаңында кездесіп, Базарбайұлы басым түскен.
Бұл боксшылардың айқасы жанкүйерлер үшін де, бапкерлер үшін де қызықты болмақ. Ақтық сын бүгін, кешкі 20:00-де басталады.
Назарларыңызға финалдық жекпе-жектер тізімін ұсынамыз:
51 келі:
Даниял Сәбит (KAZ) — Самет Гумус (TUR)
54 келі
Тимур Қабдеш (KAZ) — Шахзод Мұзафаров (UZB)
60 келі
Серік Теміржанов (KAZ) — Радослав Росенов (BUL)
63,5 келі
Ертуған Зейнуллинов (KAZ) — Мұхамедсабыр Базарбайұлы (KAZ)
67 келі
Төрехан Сабырхан (KAZ) — Заур Гахраманов (AZE)
71 келі
Абылайхан Жүсіпов (KAZ) — Фарух Тоқтасынов (KAZ)
75 келі
Сабыржан Ақкалыков (KAZ) — Тимур Нұрсейітов (KAZ)
80 келі
Ерасыл Жақпеков (KAZ) — Фазлиддин Еркінбоев (UZB)
86 келі
Нұрбек Оралбай (KAZ) — Бекзад Нұрдәулетов (KAZ)
+92 келі
Айбек Оралбай (KAZ) — Жахонгир Закиров (UZB)