
5 сәуір күні Астанада өтетін бокс кешінде ағайынды Махмұд Сабырханның қатысатыны хабарланған болатын. Алайда, бұл жекпе-жекке қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілдері де, Махмұд Сабырханның өзі де кәсіби бокс кешіне қатысты толыққанды жауаптың жоқтығын айтады.
«Қазір жаттығып жүрмін. Болгариядан кейін қалпыма келдім. Астанадағы кәсіпқой бокс кешіне қатысу-қатыспауым әлі белгісіз», — дейді Махмұд.
Айта кетелік, 5 сәуір күні Астанада Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен бокс кеші өтеді. Жәнібектің қарсыласы — Анауэль Нгамиссенге.