
Шабуылшы Роман Старченко Қазақстан құрамасының қатарына қосылады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Олег Болякин хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған дейін 38 жастағы хоккейші отадан кейін оңалту процесінен өтіп, әлем чемпионатына қатыспайды деп хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 9-25 мамыр күндері Швеция мен Данияда өтеді.
Қазақстан командасы Хернинг қаласында Норвегия, Германия, Венгрия, Дания, Чехия, АҚШ және Швейцариямен кездеседі.