
Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан хаалықаралық President’s Cup Asia турнирі басталды. Аталған сында екі спортшымыз жартылай финалға шығып үлгерді, деп жазады Sportbugin.kz.
Азиза Қаражанова мен Батырхан Төлеуғали турнирдің жартылай финалына өтті. Олардың еншісінде, кем дегенде қола жүлде бар.
Сондай-ақ, турнир барысында қазақ таеквондошылары екі рет Олимпиада жүлдегерлерін жарыс жолынан шығарды.
Атап айтар болсақ, 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев Олимпиаданың күміс жүлдегері, ирандық Мехран Бархордариді жеңді.
Ал 53 келідегі Азиза Қаражанова Париж Олимпиадасының күміс медаль иегері Цин Годан басым түсті.