
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким құрама үздігі Милад Каримидегі өзгерістер жайлы мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Биылғы маусымда Милад бұрынғыдай көпсайыстан сынға түсіп жүрген жоқ. Өзі медаль беретін екі жаттығуды таңдады. Яғни, еркін жаттығу мен кермедегі жаттығудан бақ сынап жүр.
Байқасаңыздар, биылғы әлем кубогы кезеңдерінде ол осы екі жаттығу бойынша медаль алып жатыр. Бізге көпсайысшылар керек. Жақсы көпсайысшыларымыз да бар», — деді Ким.
Айта кетелік, Милад Карими еркін жаттығудан 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі Олимпиаданың финалисті.