
Қытайдың Тайань қаласында World Taekwondo President’s Cup — Asian Region халықаралық таеквондо турнирі өтуде, — деп жазады Sportbugin.kz.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров жарыстың финалына шықты.
Алғашқы кездесуінде ол отандасы Дулат Абдималикті жеңді, ал ширек финалда Тайвань өкілі Хуанг Чо Ченгтен басым түсті. Жартылай финалда Самирхон Оңтүстік Корея өкілі Жанг Жабинді жеңіп, шешуші кездесуге жолдама алды.
Финалда Самирхон әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, екі дүркін Гран-при кезеңінің жеңімпазы кореялық Джунг Джангпен кездеседі.