
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classicхалықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Биіктікке секіру сайысында сынға түскен спортшы 185 сантиметр биіктікті бағындырып, екінші орынға ие болды.
Жарыстың жеңімпазы – украиналық Юлия Левченко. Ол 192 сантиметр нәтижемен қарсыластарынан озып шықты. Ал үшінші орынға жергілікті спортшы, польшалық Алисия Высоцка табан тіреп, дәл сол 185 см көрсеткішке қол жеткізгенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша Овчинниковадан қалып қойды.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Грекияда өткен жарыста алтын жүлде иеленген болатын. Бұл оның халықаралық аренадағы тұрақты және табысты өнерінің тағы бір дәлелі.
Венера Умирзакова