
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды,деп хабарлайды sportbugin.kz
Қола медаль үшін өткен шешуші жекпе-жекте жерлестеріміз Марокко құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев және Нұрбек Ғазез ел намысын қорғады.
Бұған дейін іріктеу кезеңінде ұлттық құрама Үндістанды ұтқан болатын. Алайда жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы жыл соңында өтетін әлем кубогының негізгі кезеңіне жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, ертең әйелдер арасындағы командалық жарыстар басталады. Қыздар құрамасы алғашқы айналымда Қытай спортшыларымен кездеседі.
Фото: Халықаралық таеквондо федерациясы