
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ел намысын қорғаған 12 спортшы финалға өтіп, олардың жетеуі — алтын, бесеуі — күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ерлер құрамасының жетістігі: 5 алтын, 1 күміс
Санжар Тәшкенбай (50 кг) — алтын
Махмұд Сабырхан (55 кг) — алтын
Сабыржан Аққалықов (75 кг) — алтын
Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) — алтын
Айбек Оралбай (+90 кг) — алтын
Нұрбек Оралбай (80 кг) — күміс
Әйелдер құрамасының жетістігі: 2 алтын, 3 күміс
Назым Қызайбай (48 кг) — алтын
Виктория Графеева (60 кг) — алтын
Алуа Балқыбекова (51 кг) — күміс
Наталья Богданова (70 кг) — күміс
Надежда Рябец (75 кг) — күміс
Елдана Тәліпова (+80 кг) — күміс
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 7 алтын және 5 күміс, барлығы 12 медаль жеңіп алды.
Еске салайық, жарыс барысында тағы үш қазақстандық боксшы қола жүлдеге ие болды.
Ақмерей Уалиханқызы