
Астанада өткен World Boxing турнирінің финалында өзбекстандық боксшы Навбахор Хамидова ерекше нәтижеге қол жеткізді,деп хабарлайды sportbugin.kz
65 келі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте ол Түркияның танымал спортшысы – Олимпиада чемпионы Бусеназ Сюрменелимен жұдырықтасты. Тәжірибелі қарсыласына қарсы өте сенімді өнер көрсеткен Хамидова 5:0 есебімен таза жеңіске жетіп, финалда сенсация жасады.
Осылайша Навбахор Хамидова Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алып, өзінің спорттағы ең үлкен жетістіктерінің біріне жетті.
Ал Олимпиада және бірнеше рет әлем чемпионы атанған Сюрменели бұл жолы күміс жүлде иеленді.