
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалынан кейін келесі қазақстандық спортшылар қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz:
Қыздар:
Айдана Забынбекова (57 кг) — жартылай финалда үндістандық Жасминге жол беріп, қола жүлдегер атанды.
Аида Әбікеева (65 кг) — Олимпиада чемпионы Бусиназ Сюрменеліге 5:0 есебімен есе жіберіп, қола медальмен марапатталды.
Ерлер:
Сағындық Тоғамбай (90 кг) — Еуропа чемпионы Емра Ясармен өткен жекпе-жекте 1:4 есебімен ұтылып, Әлем кубогының қола жүлдесін еншіледі.
Ақмерей Уалиханқызы