
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Таеквондодан 63 келі салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров чемпион атанды. Ол финалда түркиялық спортшысынан басым түскен.
Ал жарыс барысында Израиль, Канада, Тунис спортшыларын жеңді. Әсіресе, тунистік таеквондошымен өткен кездесуде Самирхон барын салды. Себебі, Мохамед Халил Джендуби Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын.
Бұл Самирхонның ересектер арасындағы ең ірі табыстарының бірі. Бұған дейін ол Париж Олимпиадасында сынға түскен болатын.
Таеквондошылар бұған дейін Универсиаданың бес қоласын жеңіп алды.
Команда бас бапкері — Есбол Сұлтанов.