
UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова жол апатына ұшырады. Бұл туралы Козачком Telegram арнасы хабарлайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қайғылы жағдай Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған. Журналистің мәліметінде, Гүлайым Рахмонова ұлымен және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бет алады.
Алматы-Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында Рахмонова тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігі аударылып қалды. Болжам бойынша, ол рульді басқара алмаған.
Жол апатының салдарынан 39 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапса, 35 жастағы жолаушы әйел Мойынқұм аудандық ауруханасына барар жолда көз жұмды.
Гүлайым Рахмонова мен оның 3 жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы жартылай ауыр деп есептелуде.
Оқиғаға қатысты полиция тергеуді бастады.