
Өткен демалыс күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақ балуандары бұл сында көзге түсе алған жоқ, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан екі балуан ғана қола медальға таласып, екеуі де жеңіліс тапты.
66 келіде Бауыржан Нарбаев турнирдің жартылай финалына дейін жеткен болатын. Бірақ молдовалық Денис Виеруден жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде моңғолиялық балуанға есе жіберді.
90 келі салмақта Ермахан Әнуарбеков қола медальға таласып көрді. Алайда, бахрейндік Исраиль Сагаиповтан жеңілді.
Осылайша, екі балуанымыз жарысты бесінші орынмен аяқтаса, қалған спортшылар алғашқы кезеңдерде ұтылды.