
Бокстан әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов бүгін өзбек боксшысына қарсы шаршы алаңға шығатын Ертуған Зейнуллиновке ағалық ақыл-кеңесін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Еске салайық, Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатының ширек финалында әлем және Олимпиада чемпионы Асаходжа Муйдинходжаевқа қарсы шығады.
«Асаходжа өте тәжірибелі боксшы. Жылдам қимылдайды, аяқпен жақсы жұмыс істейді. Ертуғанға айтарым, оған бос кеңістік бермеген дұрыс. Кеше қалай жұдырықтасты, қалай төбелесті, Асаходжаға қарсы да солай істеу керек. Жеңді түріп қойып, төбелесу керек. Аллаға тәуекел ету керек», — деді Асланбек.
Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов 2023 жылғы Азия ойындарында Асаходжа Муйдинходжаевты нокаутпен жеңген болатын.