
Бокстан Қазақстан командасының үздігі Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
55 келі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан ширек финалда жапондық Руи Ямагучимен кездескен болатын.
Бірінші раундта Махмұд қарсыласын нокдаунға жіберіп, сөзсіз алға шыққан еді. Екінші раундта Сабырхан өзі нокдаунға түссе де, есептте басым болды.
Үшінші раундта да қазақ боксшысы рингте өз үстемдегін орнатып, Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.