
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақ боксшысы жеңіліп қалды. Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай өзбек қарсыласына жол берді, деп жазады Sportbugin.kz.
80 келі салмақта сынға түскен Оралбай өзбек боксының өкілі Жавохир Уматалиевтен жеңілді. Есеп — 5:0.
Осылайша, Сабыржан Аққалықов пен Бекзад Нұрдәулетовтің ізін ала Нұрбек Оралбай да жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетелік, Нұрбек Оралбай 2023 жылы әлем чемпионы атанған.
Фото: Сали Сабиров