
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақ боксшысы турнирді аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
90 келі салмақта жұдырықтасқан Сағындық Тоғамбай Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевқа есе жіберді.
Есеп — 5:0.
Осылайша, бүгін қазақ боксшылары қатарынан екі рет Өзбекстан боксшыларына жол берді.
Бұған дейін Нұрбек Оралбай Жавохир Уматалиевтен ұтылған болатын. Кешкі сессияда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары екі рет кездеседі.